ҰБТ-ның толық нәтижесі тамыз айында шығады
ҰБТ-ның толық нәтижесі тамыз айында шығады
Фото: Интернеттен алынды
311
оқылды
Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың айтуынша, бірінші күні шекті балды 1964 адам жинай алмаған.
«ҰБТ-ның бірінші күн шекті балды 4 222 адам жинаған. Бұл тест тапсырушылардың барлығының 68,3 пайызына тең. Ал шекті балды жинай алмағандар саны – 1 964.  39 түлек 130 балдан жоғары жинаған. Қазіргі таңда аппеляцияға өтініштер қабылданып жатыр. Ережеге сәйкес 13:00-ге дейін өтініштер қабылданады», – деді Дидарбекова.
Оның айтуынша, жергілікті аппеляциялық комиссия өтініштерді қанағаттандырған жағдайда республикалық аппеляциялық комиссияға нақты шешім қабылдау үшін жолданады. Нәтижесі бүгінгі күннің соңына дейін беріледі.
«Жалпы, ҰБТ-ның соңғы нәтижелері тамыз айында нақты болады. Өйткені, биыл норма енгізілді. Сол нормаға сәйкес, 25 тамызға дейін барлық тестілеу барысындағы бейнежазбаларға арнайы бағдарламаның көмегімен талдау жүргізеді. Бұл ретте егер тестілеу барысында тест тапсырушы тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда олардың нәтижелері жойылады. Соған орай егер ол мемлекеттік білім беру грантының иегері болса, онда грант нәтижесі де жойылуы мүмкін», – деді Наужан Дидарбекова.