«Бүгінде бүкіл әлемде коронавирустың таралуы қорқынышты ауқымға ие болып келеді. Коронавирус шабуылына ұшыраған жалғыз ел біз емеспіз. Төтеше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін біз еркінсіп кеттік, оны мойындау қажет. Кейбір азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер «қауіпті кезең артта қалды, өтіп кетті» деп ойлады. Тәуекелді дұрыс бағаламау орын алып, медициналық ережелер мен ұйғарымдарды сақтауды қойдық. Жекелеген азаматтар мұндай ауру жоқ деген өсек-аяңға сене бастады. Бірақ, COVID-19 әлі де болса үлкен қатер төндіріп тұр. Сондықтан Үкімет карантин шараларын қайта күшейтті», – деді Президент.
Дегенмен, Қазақстан Президенті көңіл күйді түсіріп, күйзеліске бой алдырудың қажеті жоқ екенін айтты.
«Бүкіл әлемде адамдар карантин кезінде отбасымен жақындаса түскені, балаларына, олардың проблемалары мен алаңдаушылықтарына көп көңіл бөле бастағаны туралы оқиғаларымен бөлісуде. Суретшілер, музыканттар, жазушылар, ақындар карантин уақытында шығармашылықпен өнімді жұмыс істегенін айтуда», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол ең қиын кезеңде де тығырықтан шығуға болатынын айтты.
«Әрбір дағдарыста жаңа мүмкіндіктер болады. Біз біргеміз. Біз бірге міндетті түрде бұл дағдарысты да еңсереміз. Одан күшті рухмен, дүниетаным мәселелеріне жаңакөзқараспен шығамыз. Ең бастысы осынау күрделі сынақты еңсеретіндігімізге, жеңетіндігімізге сенім болуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.