ҰБТ-да жоғары балл жинауға көмектеспекші болған азаматтар анықталды - ANTIKOR
ҰБТ-да жоғары балл жинауға көмектеспекші болған азаматтар анықталды - ANTIKOR
356
оқылды
ANTIKOR ORTALYGY алаңында Antikor.Live жобасы барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева ҰБТ кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін ата-аналардың жауапкершілігі туралы айтты. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды. Тестілеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздің барлық аймақтарында жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына арнайы мониторинг топ, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері және агенттік қызметкерлері кірген. «Бұл топтың негізгі мақсаты - тестілеудің «тазалығын» бақылау. Қандай да бір сәйкессіздіктер немесе тестілеуді дұрыс тапсырмаған жағдайлар анықталғанда, олар бұл туралы жауапты тұлғаларға хабарлауға міндетті. Қазір агенттік әлеуметтік желілерде, WhatsApp мессенджерлерінде ата-аналар топтарына мониторинг ұйымдастыруда. Оның нәтижесінде Ұлттық бірынғай тестілеуден оң нәтижеге қол жеткізуге жәрдем көрсету бойынша белгісіз азаматтар анықталуда. Осыған байланысты агенттік оқушыларды тек өз білімдеріне ғана сүйене отырып, тест тапсыруға шақырады, ал ата-аналарды тестілеу қорытындысы бойынша оң баға алу мақсатында пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік және бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді» , - деді Жазира Жылқышиева. Егер азаматтар осындай жағдайға тап болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына немесе «Астана – адалдық алаңы» жобасының +7 775 160 5532 нөміріне қоңырау шалу қажет. Жалпы, агенттік Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, парасат пен академиялық адалдық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар Жазира Жылқышиева елордада Нұр-Сұлтан қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің арнайы мониторинг тобы мен «Астана – адалдық алаңы» жобасының мүшелері Измайлова Валентина Васильевна, Арыстанбаева Светлана Андреевна, Тугелбаев Жомарт Маслихатович, Орманова Алтынай Асылбековна, Магзум Арсланбек Талгатович, Жандильдаев Бакдаулет Болатович Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде ҰБТ-ға мониторинг жұмыстарына қатысқан. Сонымен бірге, мониторинг тобының мүшелері бейнебақылау камералары арқылы тест тапсыру барысын жіті қадағалап отырды. Тәртіп бұзу орын алған жағдайда оқу орындарының басшыларына дереу хабарлап отыр.