Қазақстанда инкубациялық жұмыртқа өндірісі бойынша ТМД-дағы ең үлкен жоба іске қосылады.«Aitas KZ» компаниясына тиесілі Асыл тұқымды құс шаруашылығы репродукторы жылына қуаттылығы 240 миллион инкубациялық жұмыртқа шығаратын өндірісті жүзеге асырмақшы.
Құс етіне сұраныс жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2019 жылы Қазақстанда құс етін тұтыну деңгейі – 373 000 тонна. 2020 жылы бұл көрсеткіштің 395 000 тоннаға жететіні болжанып отыр.
Инкубациялық жұмыртқа – құстың өміршең тұқымын алу мақсатында шығарылатын тауықтың жұмыртқасы.
Сонымен бірге балапандардың тәуліктік тұқымын өсіру үшін Қазақстандағы салалық кейбір құс фабрикалары инкубациялық жұмыртқаны шетелден әкеледі.
2020 жылдың маусым айында «Aitas KZ» АҚ-ның Алматы облысындағы құс фабрикасын иемденуіне қатысты «Nauryz Agro» ЖШС-мен келісімі аяқталды.
Алматы облысындағы құс фабрикасын алу – «Aitas KZ» АҚ-ның құс фабрикалары үшін инкубациялық жұмыртқаны өндіру бойынша Асыл тұқымды құс шаруашылығы репродукторы жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Aitas KZ» АҚ Асыл тұқымды құс шаруашылығы репродукторы ТМД-дағы қуаттылығы жылына 240 миллион инкубациялық жұмыртқа өндіретін ең үлкен жоба болады. Әрі даму стратегиясын есепке ала отырып, құс шаруашылығы бағытындағы Топтың қажеттігін жабуға жол ашады.
Холдингтің құрамында «Кус&Вкус» брендімен өнім шығаратын Өскемен (ӨҚФ) және Макинсктегі Құс фабрикалары (МҚФ) жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге МҚФ-ның инкубациялық жұмыртқаға қажеттігі алыс шетелдегі елдерден келетін импорт арқылы қамтамасыз етіледі. Ал ӨҚФ-тағы инкубациялық жұмыртқалар көлемі екі фабриканы қамтуға жетпейді.
Жеке инкубациялық жұмыртқа өзіндік құнды төмендетіп, өндірістің тиімділігін арттырады. Одан бөлек жеке өндіріс валюталық тәуекелдерді, тасымалдың тоқтап қалуын айналып өтіп, биоқауіпсіздікті қамтамасыз етеді.