ҰБТ-ның үшінші күні: 91 түлек тест тапсыруға жіберілмеді, 42 түлек аудиториядан шығарылды
ҰБТ-ның үшінші күні: 91 түлек тест тапсыруға жіберілмеді, 42 түлек аудиториядан шығарылды
276
оқылды
25 маусым күні еліміздің 12 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қаладағы 67 пунктіде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті, - деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Тестілеуге жалпы саны 11 940 түлек қатысты, оның ішінде 9 568 талапкер - тапсырманы қазақ тілінде, 2 372 түлек - орыс тілінде орындаған. «91 түлек тестілеуге кіргізуде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды қолданып, тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 42 түлек аудиториядан шығарылып, тест нәтижесі жойылды», - делінген хабарламада. Сонымен бірге, тестілеуге кіргізіп жатқанда бір түлектің дене қызуы көтеріліп, тестілеуге жіберілмеді. Ол ҰБТ-ны сауыққан соң басқа күні тапсыра алады.