Сонымен қатар аталған бағдарламалық мақаланы тұрғындарға насихаттау мақсатында қала, кент ауылдық округтерде 42 билборд орналастырылып, ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жергілікті газеттерде 56 мақала жарияланса, облыстық Qyzylorda телеарнасынан «Туған жер» бағдарламасы аясында 7 бейнесюжет түсірілді.
Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобалар мен бағыттары бойынша 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар онлайн форматында жүргізілуде.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылғы жоспарына сәйкес, Алтын орданың 750 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1 150 жыл толуына орай арнайы жобалар (өнер фестивалі)өткізілетін болады.
Мұнымен бірге, бағдарлама аясында Б. Тәңірбергеновті еске алуға арналған «Халқымның жүрегінен жыр кеткен жоқ» атты өңірлік ақындар айтысы мен ауданға қарасты ауылдық округ өнерпаздары арасында өнер фестивалін ұйымдастыру жоспарлануда.
Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» және латын әліпбиін оқытудың өзектілігі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар, «Ахмет Байтұрсынұлы мұралары және латын әліпбиі» тақырыбында қоғамдық тыңдау, түрлі форматтағы шаралар мен курстар ұйымдастырылды.
«Қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспарына» сәйкес 40 сағаттық «Жаңа емле» ережелеріне дағды қалыптастыру мақсатында семинар-тренинг өткізілді.
Сондай-ақ «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобалары бойынша барлығы 18 шара өткізілді, оған 4 000-ға мыңға жуық тұрғын қатысты.
«Туған жерге тағзым» арнайы жобасы бойынша құны 218,0 млн теңгені құрайтын 4 меморандумға қол қойылып, жүзеге асырылуда. Аталған меморандум бойынша Шижаға елді мекенінде «Тағзым» алаңы салынып, пайдалануға берілді. Жоба құны 8 млн теңгені құраған алаң құрылысын жеке кәсіпкер өз қаржысы есебінен жүргізді.
121 шара ұйымдастырылып, оған 12 мыңнан астам тұрғын қатысты.
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының бағыттары бойынша осы жылы барлығы 21 шара өткізілді. Оның аясында «Ұлы дала елінің тұғырлы тарихы», «Сақ өркениетінің саф алтындары», «Көне дәуірдің әдеби жәдігерлері» көрмелері, «Қызғалдақ – өркениет куәсі» аудандық өнер фестивалі ұйымдастырылды.
«Дала фальклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында «Ақиқат жырдың арнасы – Аралдың Ниятолласы» атты облыстық ақындар айтысына, «Парасатты поэзия» фестиваліне жұртшылықтың қызығушылығы ерекше болды.
Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы