Оңтүстік Кореяда төбелестен зардап шеккен қазақстандықтың кім екені белгілі болды
Оңтүстік Кореяда төбелестен зардап шеккен қазақстандықтың кім екені белгілі болды
Фото: Әлеуметтік желіден алынды
152
оқылды
Әлеуметтік желіде Оңтүстік Кореяның Кимхэ қаласында Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің азаматтары төбелесіп жатқаны түсірілген видео тараған болатын.
«Оңтүстік Корея тарапының мәліметінше, төбелестен бір қазақстандық зардап шекті. Қазіргі уақытта біздің дипломаттар полициямен байланыста, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр» делінген Сыртқы істер министрлігінің мәліметінде.
Зардап шеккен 1990 жылғы қазақстандықтың Оңтүстік Кореяда заңды жүргені айтылады.