Қазақстан коронавирус қаупі жоғары елдер қатарына қосылды
Қазақстан коронавирус қаупі жоғары елдер қатарына қосылды
© сурет интернеттен алынды
240
оқылды
Карантин жеңілдетілгеннен кейін корронавирусқа шалдыққандар саны Еуропаның он бір мемлекеті мен бірқатар посткеңестік елдерде – Молдова, Украина, Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстанда күрт көбейе бастаған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасай отырып BBC хабарлады. ДДСҰ өкілі Армения, Швеция, Солтүстік Македония, Албания, Босния, Герцеговина, Косово елдерінде де жағдай қиын екенін айтты. Ұйымның Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге 25 маусымдағы мәлімдемесінде, соңғы аптада жалпы 30 елде індеттің таралуы айтарлықтай өскенін хабарлады.
«Ал 11 мемлекетте науқастар саны пандемияның айтарлықтай қайта күшеюіне әкеп соқтырды. Егер ешқандай алдын алу шаралары қабылданбаса, Еуропаның денсаулық сақтау саласы қайтадан жүктемеге тап болады», - деді ол.
Ханс Клюге Польша, Германия, Израиль, Испания мемлекеттері пандемияға қарсы дер кезінде жұмыс істеп, үлкен қауіптің алдын алғанын атап өтіп, «браво» деп алғыс білдірді. Қазақстанда 26 маусымдағы мәліметке сәйкес, коронавирус анықталған адамдар саны 19750-ге жетті. 147 адам қайтыс болды. Әлем бойынша COVID-19 жұқтырған 9,6 млн адам ауырып жатыр. 489 мың өлім тіркелген.