Әз Маңғыстау әзілдері
Әз Маңғыстау әзілдері
431
оқылды

Галстук таққан түйе

Маңғыстаудың Таушық мекенінде Өтелген Жайлиев деген қуақы кici өтті. Бірде соның бip түйeci жоғалып кетіп, іздеуге шығады. Жол бойымен келе жатса, бip орыс шофер айдап келе жатқан машина кездеседі. Соны тоқтатып, түйесін сұрайды. (Бұл да оның қулығы, әйтпесе былай адам орыстан түйе сұрар ма?) – Вы мой верблюд видели? Орыс күліп: – Вот ты интересный человек, откуда я твой верблюд знаю? — дейді. – Но мой верблюд такой известный, – деп қояды Өтекең. – Чем он известный? – деп орыс қарқ-қарқ күледі. Ал түйенің мойнында қарғысы және үстінде жабуы бар көрінеді. Соны Өтелген былай түсіндіреді: – Мой верблюд с галстуком и при зимной форме одежды! Орыс күлгеннен машинасынан құлап қала жаздайды. Ойпыр-ай, өмірінде өзi галстук тақпаған мына қазақ түйесіне галстук байлаған ба? Киімнің қысқы формасы дейді. Не, түйенің басына құлақшын, аяқтарына байпақ кигізіп қойды ма екен? Ха-ха-ха! Орыс Өтелгенді ұнатып, кабинасына отырғызып алады. Eкeyi жүріп келе жатыр. Бip кезде жолдың жақтауында жабуында баттиған «Өтелген» деген жазуы бар түйе кездеседі. – Вот мой верблюд! – деп Өтелген қуанып кетеді. Шофер түйенің үстіндегі жазуды оқып: – Что, его Өтелген зовут? – деп сұрайды. – Не-е! Өтелген – это я. А для верблюда – это фамилия. Он мой верблюд, я папа! – деп Өтелген кеудесін соғатын көрінеді. Не керек, сол жерде екеуінің әңгімесі, күлкісі жарасып, табылған түйені жуып, бip жартылық iшкeн дейді. Өзін винәуат Үстіртте шопандардың тойы болған. Ол бi­тiп, тарқап жатса, бip шопан қызып алған, аты­на міне алмайды. Қайта-қайта үзеңгіге ая­ғын салып, итінеді, болмайды: Ақырында ол: – Иә, Шопан ата, Пір Бекет, қолтығымнан бip демең! – деп ырғыса, атының ар жағына асып түскен. Орнынан тұрып жатып, айтатын көрінеді: – Әй, шалдар-ай, жайлап демесеңдер қайтеді, тіпті қатты кеттіңдер ғой. Сонда қасында тұрған басқа шопан әлгіге ұрсыпты: – Өзің винәуат! Бір атқа мінгенге екі шалды қатар шақырып нең бар еді! Бipeyiн шақырсаң да, жарайтын еді ғой...  

Шаңырақ көтергенде

Жаңбырбаев Бисен деген белгілі кici Бес­қаладан ағаш үйдің сүйегін алдырып, сыртқы жабдығын ақ киізден дайындатып, үй көте­рейін деп жатқан еді. Шаңырағын ақсақал аға Құлшекең көтерсін деп, сол кiciнi шақыртыпты. kisyu Жаздың күні, Құлшекең ақ көйлек, ақ iш киіммен ғана келген. Шаңыраққа бақан тipeп, әуп деп көтере бергенде, өзi тұлғалы толық адам, мықынына күш түсіп, iш киімінің бауы бырт етіп үзіліп, шүберек аяғының басына түсіпті. Уық байлауға дайын тұрған әйелдер тepic қарап қаша бастаған. Сонда Құлшекең: – Әй, қарақтарым-ай, енді бip лыпа түcтi деп, інімнің шаңырағын ортаға түcipeтiн жағдайым жоқ. Ұялмаңдар, артымды айналып, уықтарыңды байлай беріңдер, – деген екен. Бipaқ соның арасында Бисен үйіндегі келіні бip кең шапанды алып жетіп, шалға алжапқыш қып байлап, артынан соны иығына жауыпты. Сонда Құлшық: – Көрдіңіз ғой, бізге шапан әуелі бөксеге, сосын иыққа жабылады, – деп күлдіріпті.  

Төкең біздің мерген ғой

Бірде Маңғыстау аупарткомының бірінші хатшысы Төлеген Қағазов бipaз қызмет­кер­лермен жұмыс бабында ауылдарға шығып, соның арасында жол-жөнекей аң аулауды да қызықтаған. Сенек ауылының маңында бip қасқыр тап болып, соны Төкең атып алыпты. Қасқырдың арт жағынан оқ тиіп құлапты. Қызметкерлердің iшiндe Ғизат Әбілтаев деген ақын бар екен. Соған хатшы айтыпты: – Ғизат, көрдің ғой менің қасқырды қалай атқанымды, соған бip ауыз өлең шығармайсың ба? – деген. Ғизат сәл ғана ойланып, бip шумақ өлеңді ақтара салған: – Шыға келдік Сенектен, Қасқыр қашты кенеттен. Төкең біздің мерген ғой, Атып салды ...нектен. Жұрт қыран-топан күліп жатыр. Төкең ақынға ескерту жасаған. – Шырағым, мұны енді ешкім естімесін. Ғизат айтыпты: – Мына ecтiп тұрғандардың аузына қалай қақпақ боламыз? Айтқандай-ақ, мұндай сөз тұра ма, елге тарап кеткен. Содан бipaз уақыттан кейін Төкеңнің үлкен мерейтойы болған. Жиында мадақ сөздер айтылып, соның арасында Оразаухан Ізбасаров деген тілші қаламгер де сөйлеп, сөзінің соңында былай депті: – Бұл Төкеңнің мергендігі де бар. Ғизат деген ақын оған мынадай өлең шығарған: Шыға келдік Сенектен, Қасқыр шықты кенеттен. Төкең біздің мерген ғой, Атып салды... деп сәл тоқтапты да (жұрт мына Оразаухан бүлдірді-ау деп тынып қалған), ... жүректен! – деп аяқтаған. Өлеңнің мән-жайын білетін халық сол жерде Оразауханның өзгертпесіне мәз болып ду күлiпті.  

Сержан ШӘКРАТ, Ақтау қаласы