Шекара академиясын қазақстандық 226 түлек бітірді
Шекара академиясын қазақстандық 226 түлек бітірді
Фото: Тамара Дәулетбаева
362
оқылды
Елімізде «COVID-19» індетінің таралуына орай қалыптасқан ахуал бойынша осылай өткізуді жөн көрген шекарашылар бұл жолы салтанатты кешке құрметті қонақ ретінде ешкімге шақыру билетін таратпады. Саптық алаңның көркін қыздырып, мың бұралған сұлу қыздармен «Вальс» билеуден де  бас  тартты. Карантиндік режимнің талаптары сақталып, оған алғаш рет лейтенанттардың ата-аналары мен дос-жарандары қатыстырылмады. Дипломдарды салтанатты тапсыру кезінде де санитарлық-эпидемиялық нормалар сақталды. Әрине, мұның бәрі пандемияның таралуын тез арада шектеуге қатысты шұғыл әрі тиімді шаралар қабылдаудың негізі болып табылады. «Жақыныңа жанашыр бол! » демекші короновирустан сақтанудың бұдан артық тиімді жолы жоқ. Жалпы, биыл ҚР ҰҚК Шекара академиясын қазақстандық 226 түлек бітірді. Олардың жиырма алтысы оқу орнын үздік бітіріп отыр. Айта кету керек, қазақстандық түлектермен бірге Қырғыз Республикасының 13 Тәжікстан Республикасының 18 өкілі офицер атағын алды. Оның екеуі қызыл диплом иегері атанды. Қазақстандық лейтенанттардың үздік оқыған бесеуі алдағы уақытта Шекара  академиясының атынан, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы, Ел Президентінің қолынан диплом алу үшін Астана қаласына баратындығы жоспарланып отыр. Ал, лейтенант Мекен Ерсұлтанға «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісі табыс етіліп, оның есімі академияның құрмет тақтасына енгізілді. Оқуды табысты аяқтауларымен түлектерді Қазақастан Республикасы  ҰҚК Шекара академиясының бастығы полковник П.Поливанов  құттықтады.   [caption id="attachment_53935" align="alignnone" width="1023"] width= Фото: Тамара Дәулетбаева[/caption]
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің оқу орындарының қазақстандықтардың болашақ ұрпағын тәрбиелеудегі, азаматтардың тез өзгеретін әлемде білімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті. Президент талаптарын жүзеге асыру аясында бүгін біз офицерлердің кезекті легін шығарып отырмыз. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығымен сіздерге алғашқы офицерлік шен  – лейтенант берілді. Мен сіздерді осы көптен күткен оқиғамен құттықтаймын», – деді.
Дәстүр бойынша түлектерге Академияның Жауынгерлік туымен қоштасу рәсімі өтті. Мұндай құрмет түлектер атынан биылғы жылы лейтенант Қыдырбаев Мақсат Өріспекұлына бұйырды. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясы шекарашы офицер кадрларын  дайындайтын еліміздегі бірден-бір әрі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы  аумағындағы бай тарихы бар, бірегей оқу орны болып табылады. Өзінің даңқты жолымен айшықталған әскери оқу орны алғашында  Ф.Дзержинскийдің атымен аталған Алматы шекара училищесі Кеңес Одағы аумағына тіпті, одан тыс жерлерге де әйгілі болды. Бүгінде аталмыш оқу орны ҚР ҰҚК Шекара академиясы деген атқа ие. Шекара академиясынан түлеп ұшқан түлектер оның даңқын асырып келеді. Олар Ұлы Отан соғысы кезінде, бейбіт күнде де ер жүрекпен Мемлекеттік шекара шебін күзете білді. 88 жылдық тарихы бар білім ордасын осы жылдары 35000 мыңнан астам түлек бітірді. Оның ішінде   45 түлегі Кеңес Одағының батыры, біреуі екі мәрте және бесеуі Ресей батыры атағына ие болды. Сондай-ақ аталмыш оқу ордасының 300-ден астам түлегі генерал атағына қол жеткізді.   [caption id="attachment_53936" align="alignnone" width="1152"] width= Фото: Тамара Дәулетбаева[/caption] Бүгінде аға буын ұрпақтың даңқты жауынгерлік дәстүрін жалғастырған ізбасарлары егеменді Қазақстанның  шекарасын сенімді күзетуде және Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің әскери бірлестіктерімен бөлімдері,  басқа да бөлімшелерінде біліктілікпен  басшылық жасауда. Отан алдындағы айрықша қызметтері үшін көптеген шекарашы офицерлер мемлекеттік жоғары наградалармен марапатталған. Атап айтқанда, ІІ дәрежелі «Айбын» – 5 және ІІ дәрежелі  «Даңқ» ордендері  – 1. Тәуелсіздік алған жылдан бері Академияны 8 мыңнан астам офицер бітірді. Олар алғашқы қызмет жолдарын шалғайда орналасқан шекара заставасы бастығының орынбасары болып бастайды. Бүгінде Шекара қызметі академиясында 77 ғылыми қызметкер табысты еңбек етіп келеді. Оның  8 ғылым докторы, 29 ғылым кандидаты, 12 PhD докторы, 28 профессорлармен доценттер абыройлы қызмет етіп жүр. 2019 жылдың өзінде 4 әскери қызметші халықаралық спорттық жарыстарға қатысып еліміздің көк байрағын желбіретіп жеңімпаз атанды.

Ж.ЖАБЫРБЕКОВ, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының баспасөз хатшысы