БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға РУ-170/3 мекемесінде болған.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығы мен тиісті іс-қимылы арқасында түрме ауласына лақтырылған ірі көлемдені тыйым салынған заттар тәркіленді.
Қарауыл бекетінің сақшысынан тыйым салынған аймақ тұсынан белгісіз біреудің зат лақтырғаны туралы дабыл белгісі келіп түскен. Дереу жеткен қарауыл және кезекші ауысым қызметкерлері түзеу мекемесінің аумағынан полимерлі қаптаманы тапты.
Қаптама ішіне 17 ұялы телефон, 19 дана қуаттандырғыш құрылғы, 55 дана сим карта және 1 дана жад картасы жасырылған болып шықты.
Қазіргі таңда ұялы телефондар тиісті органдарға беріліп, қызметтік тергеу жүргізілуде.