Билл Гейтс адамзатты жаппай вакцинациялауға қатысты пікір білдірді
Билл Гейтс адамзатты жаппай вакцинациялауға қатысты пікір білдірді
©Getty Images
188
оқылды
Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс CNN-ге берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакциналар аурудың тарауын мүлде тоқтататыны туралы қандай да бір кепілдіктің жоғын айтты, - деп хабарлайды ИноТВ. Алайда, оның айтуынша, басты мәселе вакцинаны әзірлеп, оны тарату емес, адамдарды екпе жасауға көндіру болады екен.
"Сізде вакцинаны салдыру не салдырмауға таңдау болады. Бұл соңғы кедергілердің бірі", - дейді Билл Гейтс.
Вакцинаны әзірлеу туралы миллиардер оны дайындайтын адамдар екіге бөлінетінін айтты: біріншіден, вакцина коронавирусқа қарсы қалай әсер ететінін, екіншіден, вирустың басқа адамдарға тарап кетпеуіне мән беретіндер. Гейтс әлемдегі және АҚШ-тағы коронавирус жағдайы күткендегіден "қиын" екенін айтады. Кәсіпкер АҚШ-та вирус жұқтырғандар санының өсуі науқастардың дұрыс тексерістен өтпейтінімен және олармен байланыста болғандар дұрыс зерттелмейтінімен, сондай-ақ жергілікті халық маска тақпайтынымен байланыстырды. Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 28 маусымдағы жағдай бойынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 2,5 миллионнан асып, қайтыс болғандардың саны 125 мыңға жеткен.