Өнер және демалыс саласында жұмыссыздық күрт көбейді
Өнер және демалыс саласында жұмыссыздық күрт көбейді
Фото: Интернеттен алынды
292
оқылды
Ranking.kz-тің жазуынша, өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейтін, тіркелген компаниялардың саны биыл мамырдың соңында 6,7 мыңға жетіп, жыл ішінде 3,5%-ға артты. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 4,8 мың мекеме, жылдық өсім - 6,2%. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ойын-сауық орталықтары, оның ішінде балаларға арналған орталықтар, кинотеатрлар, театр, көрме мен басқа да адам көп жиналатын жерлер жабылған. Өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істеп тұрған мекемелердің 95%-ға жуығы – шағын компаниялар. Оның саны жыл ішінде 6,4%-ға, яғни 4,6 мыңға дейін көбейген. Мамырдың соңындағы дерек бойынша, сектордағы орташа компаниялар саны – 226 (жылдық өсім 2,7%), ірілері – 40 (жыл ішінде сан өзгермеді). Жұмыс істеп тұрған компаниялардың жылдық өсімі бойынша ел астанасы көш бастап тұр. «Қазақпараттың» жазуынша, жыл басталғалы өңірде 878 жаңа компания жұмысын бастап, жылдық өсім 14,6%-ға жеткен. Одан кейінгі орындарда Түркістан (+13,5%) және Ақтөбе облыстары (+12,9%) тұр. Секторда қызметі уақытша тоқтаған компаниялар жылдық есеп бойынша бірден 21,5%-ға артып, 1,1 мың болған.