Мәселен, әйел босанғанға дейін екі жыл ішінде 4 000 000 теңге табыс тапты делік.
Осы соманы 24 айға бөлеміз: 4 000 000/24= 166 000 теңге.
166 000 теңге – орташа айлық жалақы ретінде есептелінеді.
166 000*0,4 = 66 400 теңге. Бұл сумманың 10%−ы, зейнетақы жарнасы ретінде есептелінеді. Сонда жұмыс істейтін әйел бір жыл ішінде бала күтімі үшін ай сайын 59 760 теңге алып отырады.
Жұмыс істемеген аналар мынандай жәрдемақы ала-алады:
Бала тууына байланысты мемлекеттік біріңғай жәрдемақы (босанғаннан кейін);
Бір жасқа дейінгі ай сайын бала күтіміне байланысты берілетін төлем (босанғаннан кейін);
Декреттік демалыс кезінде аяғы ауыр әйелдер тек бір жолғы жәрдемақы мен бір жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін ай сайынғы төлемді ала алады.
Бала күтіміне берілетін ақша 1 жастан 3 жасқа дейін ұзармайтын болды
Биылғы жылы бала күтімi жөнiндегі жәрдемақыны бір жастан үш жасқа дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне төлемді екі жылға ұзарту мәселесіне қатысты сұрақ жолдаған болатынбыз. Тиісті министрліктің жауабы бойынша егер бала күтіміне берілетін жәрдемақыны ұзартқан жағдайда 2026 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында қаржылық тұрақсыздық туындамақ. 2049 жылға дейін Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер ставкасын 8%-ға дейін көтеру қажет. Бұл өз кезегінде Еңбекақы төлеу қорына, яғни жұмыс берушілерге ауыртпашылықты күшейтеді және де мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Сол себептен, алдағы уақытта бала күтіміне берілетін ақша 1 жасқа дейін беріле бермек.
Төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындауда ескеретін жайт:
Мемлекеттен берілетін әлеуметтік төлем мен жәрдемақыны Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық Азаматтарға арналған үкімет арқылы рәсімдейді. Қажетті құжаттар пакетін тапсырғаннан кейін, 7 жұмыс күн ішінде қаралады.
Өтінішті egov.kz электронды Үкімет порталы арқылы онлайн беруге болады немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) хабарласасыз. Сізде ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы қажет.
Қызметті сайтта онлайн алу үшін egov.kz кіріп, «азаматтарға» – «отбасы» – «бала» – «бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» бөліміне кіресіз.
Өкінішке қарай, табысын жоғалтуға байланысты жүктілік пен босану бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді онлайн ала алмайсыз, тек ХҚКО арқылы рәсімдеуге болады.
Еркежан Айтқазы