Finprom.kz порталының мәлімдеуінше, биыл бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестрінде 1,5 мың жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға көбейгенін көрсетеді.
Жемқорлық қылмысы көбіне әкімдіктер мен олардың бөлімше қызметкерлерінің қатысуымен жасалған
803
оқылды

Мәліметтерге сенсек, тіркелген құқықбұзушылықтардың ең көбі "Пара беру" бабына қатысты. Мұнда 472 жағдай анықталып, жалпы секторда 31,1%-ға жеткен. Екінші және үшінші орында "Пара алу" – 317 жағдай тіркеліп, бір жыл ішінде 12,9%-ға азайған. Алайда "Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жұмсау" – 246 факті болып, бір жылда 2,8 есе өскен.

Айта кетейік, жемқорлық қылмыстарының айтарлықтай бөлігі әкімдіктер мен олардың бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен жасалған. Жиі кездесетін құқықбұзушылықтар: жемқорлық, алаяқтық, қызметтік өкілеттілігін теріс пайдалану және парақорлыққа делдал болу.

2024 жылдың он айында Қазақстанда 1,3 мың адам жемқорлық қылмыстары бойынша күдікті деп танылды. Олардың ішінде 915 адамның қылмысы расталса, 760 адам сотқа жіберілді. Бұл  өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға жоғары.

Сотқа жіберілгендердің ішінде 181 адам (жалпы санның 23,8%-ы) – әкімдіктер мен олардың бөлімшелерінің қызметкерлері. Одан кейін ішкі істер органдары, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері тұр. Жемқорлыққа сотталғандардың көпшілігі пара алу (233 адам), пара беру (188 адам) және жемқорлық алаяқтық (118 адам) қылмыстарымен ұсталған.

Аймақ бойынша ең көп сотталғандар Астанада (80 адам), Шымкент – 71 адам, Алматы – 64 адам. Ең аз сотталғандар Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында тіркелген.