Синоптиктер 30 маусым - 2 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Қазгидромет РМК,
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері күн күркіреп, жауын жауады.
"Қазақстанның басым бөлігіне Оңтүстік Каспий циклоны әсер етеді. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, орталық аймақта кей жерде қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерде жел күшейіп, жекелеген аудандарда дауыл соғады, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтілмейді", - дейді синоптиктер.