АҚШ-тың Массачусетс штатында нөсер жаңбыр соңы тасқынға ұласты, деп хабарлайды Хабар 24.
Салдарынан Норвуд қаласының бірнеше кварталы, үйлер, көліктер су астында қалды. Қазір онда төтенше қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.
Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр әлі де жалғаспақ. Өзге де қалаларда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланған. Күшті жел Бостон мен Ньютон тұрғындарын да біраз әбігерге салды.