Алексей Цой коронавирустың таралуына байланысты үш сценарий бар екенін айтты
Алексей Цой коронавирустың таралуына байланысты үш сценарий бар екенін айтты
Фото: Интернеттен алынды
294
оқылды
Ақордада өткен кеңесте Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайды дамытудың үш негізгі сценарийі бар екенін мәлімдеді. Олардың екеуінде ұлттық локдаун қарастырылған (төтенше жағдайға байланысты белгілі бір аймақтан еркін кіруге немесе шығуға тыйым салу). Бірінші сценарий бойынша карантинсіз тамыз айының соңына қарай COVID-19 жұқтырған күніне 27 мың науқас тіркеледі. Инфекциялық және провизорлық стационарларда орындарға деген қажеттілік 300 мың адамға бағаланады. Екінші сценарий екі апталық ұлттық локдаунды қамтиды. Бұл ретте ауруханаға жатқызуды талап ететін күніне жеті мың жағдайға дейін тіркелетін болады. Үшінші сценарий төрт апталық локдаун болса, эпидемияның дамуын көрсетеді. Ол кезде тамыз айының соңында ауруханаға жатқызуды талап ететін күніне 2500 оқиға тіркеліп, төсек қажеттілігі 30 мыңға дейін өседі.
«Бұл болжам халық арасында жұқтыру тізбегінің алшақтығы, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды дайындау тұрғысынан аса тиімді деп санаймын», – деді Алексей Цой.