Жұбайлар некесін Алматыдағы АХАЖ-да тіркеді. Олардың махаббаты сонау 1985 жылдан басталған екен.
Елена Ивановнаның айтуынша, бастапқыда бұлар жай ғана дос болған. Ұзақ уақыт бойы опера театрында жұмыс істеген. Сол жерден зейнетке шыққан. Алайда үйде отыра алмаған соң, жұмысқа қайтадан шығып кеткен. Міне, сол жерде болашақ күйеуімен танысқан екен.
– Станцияда жас техниктермен жұмыс істей бастадым. Андрей Михайловичпен осында кездестік. Өзіміз 35 жылдай дос болдық, – дейді қалыңдық Елена Ештокина.