Электр энергиясына тарифтерді қайта қарау шамамен 27 мың жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев айтты.
Қазақстанның 44 энергия өндіруші ұйымының 34-інде тариф өсті. Тек 9 ұйымда бұрынғы деңгейде сақталып, біреуінде баға төмендетілді.
Дәрібаевтың айтуынша, биылғы жылы энергия өндіруші ұйымдарға байланысты емес себептермен шығындар ұлғайтқан. Алайда станциялар жылдан жылға тоз-тозы шыққан. Осыған байланысты электрмен жабдықтаудың сапасы нашар болуы да мүмкін.