Биыл Түркістан облысында құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша 533 жол жобасы басталды.
Бұл дегеніміз - жергілікті аймақтың 1287 шақырымы жөнделуде. Мұндай ақпаратты ҚР ИМІР баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, аймақтағы Ақсу - Қабылсай - Қайтпас - Горсвалка аралығындағы 10-18 шақырым, Дербісек - Сарыағаш арасындағы 18,5-20 шақырым жол қайта жаңартылуда. Сонымен қатар Түркістан халықаралық әуежайына барар жолдағы инженерлік желілерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.