Ескі үйлерді тегін жөндеп береді
Ескі үйлерді тегін жөндеп береді
Фото: Интернеттен алынды
197
оқылды
Кіреберіс көше абаттандырылады. Қалалық әкімдік қызметкерлері онымен бірге ескіріп қалған 80-нен астам жер үйді жөндеп бермек, – деп жазады 24.kz. Ол үшін тұрғындардан бір тиын да талап етілмейді. Шатыр, қоршаулар тегін қойылады. Биыл Потанин көшесі толық абаттандырылады. Ол үшін бюджеттен 250 млн теңге бөлінген. Қазір мұнда суағарлар салынып, ағаштар егілді. Шенеуніктер қаланың кіреберісі болғасын ба, ескі үйлерді де жөндеп беруді жөн санапты.
Жұмысшы Вячеслав Коняхин: «Кейбір үйдің шатыры ауыстырылады. Қоршау қойылады. Керек болса, іргетасын да нығайтамыз. Тұрғындармен кездесіп, алдын ала келісіп аламыз», – дейді.
Тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарын демеушілер көтеріп отыр. Қалалық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, бұл көше бастан-аяқ абаттандырылады. Петропавл қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолланың айтуынша, жаңадан жөнделіп жатқан көшеде барлық жарық шамдары, ағаштары тарихи стилі сақталады. Қаз-қалпында жаңартылады. Саябақ ашылады. Ол да мұражай сияқты болады.  Үйде отырған жұрт жөндеу жұмыстарын өздері қадағалап, көмектесіп жүр. Көше қазан айында дайын болады.