Өзбекстанда карантин талабы күшейді
Өзбекстанда карантин талабы күшейді
Фото: Podrobno.uz
182
оқылды
Республикалық арнайы комиссияның шешімімен коронавирустың ел аумағында тарауына жол бермес үшін 1 шілдеден бастап мемлекет аумағында карантиндік талаптар күшейтілді, – деп жазады «Қазақпарат». – Республиканың барлық аймақтарындағы ірі базарлар және тауарлар сатумен айналысатын ірі сауда орталықтары аптаның сенбі-жексенбі күндері санитарлық және дезинфекция жұмыстарының жүргізілуіне орай жабылады; – «Қызыл» және «сары» санаттағы аймақтарда сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін қоғамдық орталарда үш адамнан көп кісі топтануға, ал 23:00-ден 07:00-ге дейін көшеде, көпқабатты үйлердің алдына жиналуға тыйым салынады. Карантин жағдайында: – денсаулығының нашарлауына немесе жүктілікке байланысты медициналық тексеруден өту үшін медициналық мекемеге немесе қажетті дәрі-дәрмекті сатып алу үшін дәріханаға баруға рұқсат етіледі; – «қызыл» және «сары» категориялы аймақтарда аптаның сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысына біршама шектеу қойылады. Республикалық арнайы комиссияның шешімімен «қызыл» және «сары» категориялы аймақтарда 30 адамнан аспайтын салтанатты кештер мен түрлі той рәсімдерін санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып үйде ғана өткізуге рұқсат етілген.