Нағыз қазақ – домбыра

Нағыз қазақ – домбыра

Тіл, діл, рух. Осы үшеуі үйлесім тап­қан жерде ұлттан ұят қашпайды. Бұлардың бәрінің басын қосатын да руханият. Яғни, рух – ұят деген сөз. Осыдан екі жыл бұрын, 2018 жылдың 13 маусымында Елба­­сының Жарлығымен қоғамды ұлт­тық мәдениет пен бірегейлік­ті сақ­тау мен қайта жаңғырту ­идея­сының төңірегінде одан әрі топ­тас­тыру мақсатында 1 шілде  Ұлттық дом­быра күні  болып бел­гіленген еді. Былтыр осы күн аса жоғары деңгейде аталып өтті. Осы ша­рада Қасым-Жомарт Кемелұлы былай деді: – Тарихта халқымыздың өз салты мен дәстүрінен алшақтап, ажырап қалған сәттері болғаны жасырын емес. Алайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­­тың көреген бастамасының ар­қасында бүгінде халқымыздың дәс­­­түрлі өнерге деген шынайы ықы­ласы артып келеді. Ұлттық домбыра күні – соның айғағы. Бар­­ша халық осы шуақты мере­кені айрықша қуанышпен той­лайды. Себебі қазақ пен домбыра егіз ұғым. Күмбірлеген домбыра­ның үні батырларымызға рух, ақын­да­рымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көте­ретін құнды қазынамыз болуға тиіс. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Нұрғисалар бас­таған күйшілік дәстүрді еліміздің дарынды жастары жалғастырып келеді. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл – қа­зақ­тың қасиетті қара домбы­ра­сына берілген әділ баға. «Өнер – ұлт кел­беті» дейді дана халқымыз. Бар­шамызға ортақ құндылық – дом­быраны жан-жақты насихат­тап, жас ұрпақтың санасына сі­ңіру өте маңызды. Домбыра ас­пабы – қай­таланбас асыл дүние. Сондықтан мектепте домбыра үйрену сабақ­тарын енгізу – қа­жетті әрі дұрыс бастама. Себебі қазіргі жаппай жаһандану уақы­тында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаң­ғырта беруі­міз қажет. Төл мәдение­тімізге де­ген қамқорлық әрқашан мем­ле­кеттің айрықша назарында бо­лады. Біз қазақтың дәстүрлі әнін, күйін елімізге ғана емес, әлем жұртшылығына танытып жүр­ген өнерпаздарымызға ла­йық­ты қол­дау көрсете білуіміз керек.  

Миуа БАЙНАЗАР