Түнде аспаннан улы зат шашылған ба? – Министрліктің ресми жауабы
Түнде аспаннан улы зат шашылған ба? – Министрліктің ресми жауабы
Фото: Интернеттен алынды
350
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді. Хабарламада «Бүгін сағат түнгі 2-де ауаға бірдеңе шашады, бұл жолы кішкентай балаларға әсер ететін нәрсе екен. 3 күн бойы балаларыңызды далаға шығармаңыздар» делінген. Жалған хабарға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі мәлімет таратты.
«Құрметті халайық, сіздерден әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөзге жүгінулеріңізді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады» делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.
Министрлік жалған ақпарат таратқан адамдардың ҚР ҚК 274-бабы – «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды. ⠀