Мемлекет басшысы Twitter парақшасында: «Ресей Үкіметі коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады. Ресейдің жоғары басшылығына дер кезінде медициналық препараттар мен дәрілер жеткізгені үшін ризашылығымды білдіремін», – деп жазды.
Кеше Ресей билігі вирусолог мамандарды Қазақстанға жіберетінін айтқан болатын.
«Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек жіберу, гуманитарлық көмек көрсету, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды Қазақстанға жіберуге дайын екенін білдірді» делінген ақпаратта.