Қазгидромет синоптиктері 2-4 шілде аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты.
Қазақстан аумағының басым бөлігін жаулаған Оңтүстік-Каспий циклоны солтүстік-шығысқа қарай ығысады. Бұл циклонның атмосфералық фронттары найзағай, екпінді жел мен жаңбыр әкеледі.
Жеке аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы ықтимал. Температуралық фон түнде +8…18 дейін, күндіз +18…28 градусқа дейін төмендейді.
Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтар жоғарғы қысым аясында болады.
Мұнда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура түнде +13…22 дейін, күндіз +30…38 градусқа дейін жоғарылайды.