Жалған ақпарат таратқан Түркістан облысының тұрғыны ұсталды
Жалған ақпарат таратқан Түркістан облысының тұрғыны ұсталды
301
оқылды
Ауа арқылы вирус таратады деген жалған ақпарат таратқан Түркістан облысының тұрғыны анықталды, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.     Бүгін әлеуметтік желілерде "Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус таратылады. Балаларды далаға шығармаңыздар" деген ақпарат жарияланған болатын.
"Қазіргі уақытта Отырар ауданының 1973 жылы туған тұрғыны анықталды. Әйел WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқан. Әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Әйел өзіне хабарлама мессенджердегі басқа топтардан келгенін айтты. Ол ақпараттың жалған екенін білмегенін және бұдан кейін мұндай жалған мәлімет таратпайтынын жеткізді.