Шымкентте карантин режимі 20 шілдеге дейін созылды
Шымкентте карантин режимі 20 шілдеге дейін созылды
©Сурет интернеттен алынды
5,209
оқылды
Осы қаулыға қаланың бас санитар дәрігері  қол қойды.
Ертеңнен бастап қалада фитнес-орталықтар, бассейндер, үйірмелер мен секциялар жабылады. Мектептен тыс қосымша білім берудің барлық ұйымы жұмысын тоқтатты. Енді азаматтар сұлулық салондарына, шаштараздар мен монша ға бара алмайды. Тек сыртта жұмыс істейтін  кондитерлік өнімдер, фаст-фуд,  балмұздақ, автожуу, кафе мен мейрамханалар қосулы. 
Жалпы, тұрғындарға масканы тек сыртта емес, жұмыс орнында шешпеуі керек. Демалыс күндері ірі сауда орталықтары, саябақтар мен басқа да қоғамдық орындар жабық болады.
"Медициналық ұйымдар, дәріханалар, емдеу бөлмелері, коммуналдық қызметтер, жанармай құю станциялары, жанармай құю станцияларындағы дүкендер, қызмет көрсету станциялары және автокөлік жуу машиналарының ғана қалыпты жұмысына рұқсат" дейді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Әбдіманап Төлебаев.