Келісімге сәйкес, олар пәтерін өткен жылы желтоқсанда алуы тиіс еді, – деп хабарлайды AstanaTV.
Телеарнаның хабарлауынша, биыл шілде болса да, баспананың қолданысқа берілетін түрі жоқ.
Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үй жыл басында аяқ астынан жастарға беріліп кеткен. Банк басшылары 176 салымшыға сол кезде «пәтерлеріңізге жақында кіресіздер» деп уәде берген.
Уәдеден шаршаған жұрт банк алдына жиналды. Арасында баспанасын 10 жыл күткен азаматтар да бар.
Салымшы Айман Серікқалиқызы: «Квартира жалдап жүрмін. Екі балам бар, пәтер жалдап жүрмін. Ал мен өзімнің пәтеріме неге төлемеймін сол ақшаны?», – дейді.
Банк өкілдерінің сөзіне қарағанда, үйдің тапсырылуына карантин кедергі келтірген. Құжаттар рәсімі созылып кетіпті.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Шымкент филиалының бөлім басшысы Нұрлан Сұлтанов: «Үй 31 мамырда бітті. Қазір объектінің техникалық паспорты дайындалды. Енді әр пәтердің техникалық паспорты дайындалып жатыр. Енді қалалық Тұрғын үй басқармасының қарамағына өткізеді», – деді.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Жұма күні кілтін бәрін береді. Бірақ процедурасы әрі қарай жалғаса береді. Мен ертерек беріп жатырмында көшіп бара бересіздер. Кейін ақшасы бөлінгеннен кейін келісім шартқа қойып әрі қарай жұмыс жасай бересіз, келістік қой?!» – деп халықты сабырға шақырып отыр. Әкімнің айтуынша, құжаттар толық рәсімделмегендіктен бүкіл 176 салымшы бір күнде қоныстана алмайды.
https://youtu.be/9guIxoY0wg4