Басқарма өкілінің түсіндіруінше, бригадалар науқастарды психикалық сауықтыру орталығына жеткізген.
«Коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін науқастар санының көбеюіне байланысты 30 маусымда Мақатаев 10 мекен-жайында орналасқан психикалық сауықтыру орталығында қосымша уақытша орталық ашылды. Аурухана жаңадан ашылып, әр науқастың жағдайы ауыр болды, сондықтан медициналық ұйымның мамандары мұқият тексеруден өткізді, нәтижесінде кезек пайда болды. Қазіргі уақытта мұндай кезек жоқ» деп түсіндірді басқарма өкілі.
Уақытша емдеу орталығы 200 науқасқа арналған.
«Ауруханаға қажет нәрсенің бәрі толық көлемде бар, медициналық көмек те толық көлемде көрсетіліп жатыр. Орталықта жасанды тыныс беру аппараты, оттегі жастықтары бар. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлер барлық жеке қорғаныс құралымен және қажетті дәрі-дәрмектермен жабдықталған» делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, 1 шілдеде Алматыдағы Мақатаев көшесінде кезекте тұрған жедел жәрдем көліктерінің видеосы тараған болатын.