Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың өсуін ескере отырып, мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.
Көлік қатынасы мынадай шектеу шаралары енгізіледі:
Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;
Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);
Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;
Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.
Айта кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.