Карантин: Қалалар арасында блокпосттар қойылмайды
Карантин: Қалалар арасында блокпосттар қойылмайды
© Reuters
159
оқылды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміз қалалары арасында блокпосттар қойылмайтыны хабарлады.
«Қозғалысқа ешқандай анықтамалар керек емес. Екіншіден, қалалар мен өңірлер арасында блокпостар орнатылмайды», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайтынын айтты. Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын. Оған сәйкес, биылғы 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды.