Еліміздегі бүкіл медициналық ұйым коронавируспен күресуге жұмылдырылады - Цой
Еліміздегі бүкіл медициналық ұйым коронавируспен күресуге жұмылдырылады - Цой
© сурет интернеттен алынды
106
оқылды
Қазақстанның барлық өңірінде коронавируспен ауырғандарды емдейтін ауруханаларда төсек-орын жетпей жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 
«Өңірлердегі бұрынғы төсек-орындардың барлығы толды, әрбір өңірде қосымша төсек-орын тапшылығы тіркеліп тұр. Тіпті, жаңа модульді аурухана салынған қалаларда да төсек-орын тапшылығы бар. Жаңадан аурухана салған Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында да осындай проблема туындап отыр. Жаңа модульді ауруханалар лық толы», - дейді Алексей Цой.
Жалпы, оның айтуынша, коронавирус инфекциясымен ауырған адамдарды жатқызу үшін 33 933 төсек-орын ашылған. Оның ішінде, 14 006 төсек-орын инфекциялық, 19 927 орын провизорлық болып бөлінген. Оның айтуынша, аймақтар осы төсек-орындарды кемінде тағы да 50% арттыруы керек. Елдегі бүкіл медициналық ұйымдар жұқпалы аурумен күресуге жұмылдырылады.