Шығысқазақстандық азамат рауғаш жинағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмақшы
Шығысқазақстандық азамат рауғаш жинағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмақшы
©Сурет интернеттен алынды
570
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ол жоюлу алдында тұрған «Алтай рауғашын» екі мөшекке толтырып, жинап алған. Қызыл кітапқа енген өсімдікті әкетіп бара жатқан қылмыскерді Ұлан ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап алған. Тергеу барысында ол бұл өсімдікті Сибин көлдеріне жақын орналасқан таулар аймағында жинаған екен.
«Сирек кездесетін және құрып кету алдында тұрған өсімдіктерді заңсыз теріп, алып-сатумен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік тартылады. Қазір Ұлан ауданының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды» деді ШҚО ДП жетекшісі Сағат Мадиев.