Ұшақта темекі тартқаны үшін 132 мың айыппұл салынды
Ұшақта темекі тартқаны үшін 132 мың айыппұл салынды
©Сурет интернеттен алынды
203
оқылды
1 шілдеде «Эйр Астана» авиакомпаниясы өкілі полицияға «Ақтөбе – Алматы» рейсі бойынша ұшқан әйелдің ереже бұзғанын хабарлады.
Құқық бұзушы әуе кемесінің командирінің актісіне сәйкес рейс келгеннен кейін көлік полициясына тапсырылды.
Тексеру кезінде көлік полициясы әйелдің 34 жастағы Орал қаласының тұрғыны екенін анықтады.
«Ол ұшақ бортында темекі шеккен» деді Көлік полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қалижан Кобландин.
Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1-2-тармағына сәйкес (әуе кемесінде темекі өнімдерін және (немесе) электронды темекілерді тұтыну) әкімшілік хаттама жасалды. Оған 50 АЕК айыппұл салынды.