Тұрғындар ішер суын алу үшін түнімен ұйықтамайды (видео)
Тұрғындар ішер суын алу үшін түнімен ұйықтамайды (видео)
©Сурет интернеттен алынды
5,303
оқылды
Алматы облысы Жаңа тұрмыс ауылының тұрғындары түнімен ұйықтамай, ішер суын күтумен болады.
Суды өшіріп тастағандықтан, ол жақта күндіз күнімен су болмайды. Тек түн ортасында су қосылады. Онда да сыздықтап қана ағады. Осындай жағдайда 5 мыңдай тұрғынның тұрып жатқанына 4 жыл болды. Соған орай олар тіршілігін де ыңғайластырып алған. Тұрғындар күндіз ұйықтап, түнде кір жуып, үйін тазалайды.
[embed]https://youtu.be/JAq995lKpjQ[/embed] Бір жыл бұрын су құбырлары ішінара ауыстырылды. Бірақ бұл мәселені шешпеді. Тұрғындар өз қаражатына жолдарды жөндеп, асфальт төсеуге мәжбүр болды. Ол үшін әр отбасы 55 мың теңгеден жинады. Жергілікті әкімдік мұндай проблеманың бар екенін білеген. «Адамдар бізге бірнеше рет шағымданған. Суды күндіз жіберсек, бәріне жетпей қалады. Бүкіл су ауылдың жоғарғы бөлігінде тұратын тұрғындарға барады да, төмендегі үйлерге жетпей қалады. Сондықтан суды  көбінесе түнде береміз» дейді  Алматы облысы Райымбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Жарылқасын Сақтаған.