Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа арқа сүйейді
Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа арқа сүйейді
5,256
оқылды
Мемлекет басшысына Бра­зилия Фе­деративтік Респуб­ликасының елшісі Рубем Антонио Корреа Барбоза, Оман Сұл­та­на­тының елшісі Мұхаммед бен Абдулла бен Салих Әл-Бахрани, Корея Респуб­лика­сының елшісі Ку Хонг-сок сенім грамота­ларын тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қа­зақ­стандағы дипло­матиялық жұмыс­тары­ның баста­луы­мен құттықтап, оларға табыс тіледі. – Сіздердің елдеріңізбен ара­дағы қа­рым-қатынасымыз жо­ғары деңгейде. Осы мүм­кіндікті пай­далана отырып, сіз­дердің мем­лекеттеріңіздің басшыларына сәлем жол­даймын. Елдер арасын­дағы өзара ық­палдастықтың одан әрі дамуына үлес қоса­сыз­дар деп сенемін. Сіздер бүкіл әлем пан­демиядан зардап шегіп жатқан қиын-қыстау уақытта біздің елімізге кел­діңіз­дер. Қазақстан бұл қауіпті дертті жеңу үшін дер кезінде шешім қабылдап жатыр. Бұл оңай жұмыс емес. Бірақ біз ха­лықаралық ынтымақтастыққа арқа сүйей­міз, БҰҰ-ның іс-әрекеттерін қол­­дай­мыз. Сонымен қатар әлемдегі бар­лық ел күш біріктіре оты­рып, аталған дерт­ті жеңеді деп үміт­тенеміз, – деді Президент.