Қаржы саласына заманауи технологияларды енгізу қажет
Қаржы саласына заманауи технологияларды енгізу қажет
402
оқылды
Қаржыгерлер екінші деңгейдегі банк актив­тері­нің сапасын бағалау бойынша өт­кен жылғы қаржы-несие саясатына қа­­тысты жүргізілген жұмыстардың қоры­тын­дылары, Ұлттық банктің алтын-валю­та ре­зер­вінің ахуалы және Ұлттық қор­д­ың активтері жө­нінде айтты. Банкирлер Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлт­тық банк­тің дағдарысқа қарсы баста­ма­лары, 2020 жыл­дың екінші жарты­-жыл­дығы­на арналған жоспары және коро­навирус пандемиясы кезіндегі қаржы тұрақ­тылығын қамтамасыз ету үшін қа­былдаған ша­ралары туралы баяндады. Қазақстан Президенті өз сөзінде қа­зіргі жағдай­да ақша-несие саясатын тиімді іске асырудың маңызын атап өтіп, 2030 жылға дейінгі ақша-несие сая­сатын іске асыру стратегиясын әзірлеу бары­сын­­да халықаралық нарықтағы іргелі үрдістерді ескеру қажетін айтты. Жаңа стратегия еліміздегі макроэкономикалық тұрақ­тылықты қамтамасыз етіп, қаржы жүйе­сінің орнықты дамуына тың серпін беруі керек. Мемлекет басшысы Ұлттық банкке, Қар­­жы нарығын реттеу және дамыту агент­­тігіне AQR қоры­тындысы бойынша Жол кар­тасын жүзеге асыруды жал­ғас­тыру­­ды, отандық банк сек­торының сапа­сын­а бел­гіленген мерзім бо­йын­ша бағалау жүргізуді тапсырды. Президент айырбас баға­мының тұрақ­тылығын қам­тамасыз етуді маңызды мәселе ретінде атап өтті. – Бұл мәселеде Үкімет пен Ұлт­­тық банк үйлесімді жұмыс іс­теуі қажет екенін атап айтқым ке­леді. Квазимемлекеттік ком­па­ния­лардағы басы артық валютаны ішкі на­рыққа сату тәжірибесін жал­­ғас­тыра беру керек. Ұлттық банк қажет болған жағдайда айыр­­­­бас бағамын тұрақтандыру үшін қо­­сымша шаралар қабыл­дай­ды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Ұлттық банк­ке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бір­лесіп, кепілсіз тұтыну несиесіне қа­тыс­­ты мәселені ұдайы бақылауда ұстау жө­нін­де тапсырма берілді. K.Tokaev Мемлекет басшысы қаржы ұйымдары­ның жұмысын ашық жүргізуді маңызды мін­дет деп са­найды. Бұл мәселе жал­ған лом­­бард­тар мен микроқар­жылық ұйым­дар­дың алаяқтық іс-әрекеттері үдей түсуі­не байланысты өте өзекті болып отыр. – Ломбардтар мен басқа да қаржы ұйым­­дарының жұ­мысына тексеру жүргі­зіп, атал­ған саладағы жағдай туралы ақ­парат беруді тапсырдым. Бұл жұмысты жыл­дамдату керек. Тексерулердің қоры­тындысы негізінде Қаржы нарығын рет­теу және дамыту агенттігіне Бас прокура­тура­­мен бірлесіп, аталған саланы реттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және тұтынушылардың құқығын қорғау жө­нін­де ұсыныс енгізуді тапсырамын, – деді Президент. Пандемия кезіндегі әлем­дік үрдістер мен еліміздегі жағ­дай қаржы саласына зама­науи технологияларды енгізу қажетін көрсетті. Осыған орай, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке Үкіметпен және «Астана» халықаралық қар­жы орталы­ғымен бірле­сіп, 2025 жылға дейінгі қаржы тех­­но­ло­гиясы мен инно­ва­ция­сын дамы­ту­дың тұжырым­дамасын бекітуді тапсыр­ды. Сонымен қатар экономика мен биз­неске белсенді несиелеу бойынша қолдау көр­сету – Ұлттық банктің маңызды мін­деті. – Соңғы үш жылда эконо­миканы не­сиелеудің өсімі аса байқалмады. Банктер жұмыс бары­сында барынша қолайлы және тиімді жағдай ұсына отырып, әрбір клиент үшін белсенді күреспейді. Соны­мен қатар қазіргі жағдайда бизнеске қар­жы ресурсы қажет және оны жылдам алуы керек. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бір­лесіп, экономиканы, шағын және орта биз­несті несиелеуді арттыру бойынша нақ­ты ша­ралар қабылдауы қажет, – деді Президент. Жиын соңында Мемлекет басшысы Ұлт­тық банктің жаңа қонысындағы жұ­мы­сына табыс тіледі. Президент Ұлттық банк­тің көшіп келуі елордадағы қаржы сек­торын күшейтіп, Үкіметпен және «Ас­тана» халықаралық қаржы орталығымен арадағы жұмысының үйлесімділігін арт­тыратынына сенім білдірді.