Карантинге қарамай түнде жасырын жұмыс істеген мекеме басшылары жазаланды
Карантинге қарамай түнде жасырын жұмыс істеген мекеме басшылары жазаланды
Фото: Әкімдіктің сайтынан алынды
5,282
оқылды
Қалалық еріктілер штабы полиция және СЭС мамандарымен бірлесіп кезекті рейд кезінде карантин режимін бұзып, келушілерге кальян ұсынған бірнеше мекемені анықтады. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, әкімшілік хаттама толтырылды.
«Бұған дейін мекемелерге кальянға тыйым салынғаны туралы ескертілген. Бірақ заңбұзушылықтар бар, бұл инфекция қаупін тудырады. Біз санитарлық дәрігерлермен және полициямен бірге рейдтерге шығамыз», – дейді ерікті Ақұлан Тастемір.
Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда кәсіпорындар жабылады. Карантинге байланысты азаматтар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. https://youtu.be/EsSjWLb5m4A