Төрт баланың қазасынан кейін Аягөздегі балалар интернатының директоры қызметінен кетті
Төрт баланың қазасынан кейін Аягөздегі балалар интернатының директоры қызметінен кетті
Фото: Интернеттен алынды
262
оқылды
Осыған дейін орталықты басқарып келген Нұрлан Қантаев орталықтағы 4 баланың өлімінен соң, тәртіптік жазаға тартылған, – деп хабарлайды КТК. Бұдан былай балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет орталығын Шығыс Қазақстан облысының бас педиатры қызметін атқарған Шолпан Мақашева басқарады. Мамыр айында Аягөзде психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған орталықта оннан астам тәрбиеленуші ауруханаға түскен болатын. Кейін инфекциялық ауруханаға жеткізілген балалардың төртеуі қайтыс болды. Мамандар ауырған балалардың ауруханаға кеш жеткізілгенін айтқан болатын. Ресми мәлімет бойынша 4 баланың өліміне бүкіл ағзасы дертке шалдыққан. Төрт баланың өлімі орталықтағы заңсыздықтардың бетін ашты. Телеарнаның хабарлауынша, орталық басшылығы мемлекеттік сатып алу арқылы қымбат балық, уылдырық және өзге де жеңсік асқа тапсырыс берген. Шын мәнінде, орталықтағы сырқат балалар мұндай қымбат тағамдарды жемегені тексеру кезінде анықталған.