Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, медициналық анықтаманы алу үшін қиындық туындап жатқандықтан, уақытша талап етпейді.
Қауіпсіздік үшін денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты Білім және ғылым министрі білім ұйымдарына (балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен жоо-ларға) құжаттарды медициналық анықтамасыз қабылдауға уақытша рұқсат беру туралы бұйрыққа қол қойды.
Egov.kz порталы арқылы құжаттарды жіберу барысында медициналық анықтамаларды өзіне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмайтын азаматтар үшін аталған анықтамаларды кейін ұсынуға мүмкіндік беретін функция іске қосылады. Қазіргі уақытта оқуға түсетіндер медициналық тексеруден өткені туралы анықтамаларынсыз шартты түрде білім беру ұйымдарына қабылданады. Медициналық анықтаманы оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.