Кәсіподақтар федерациясы Nur Otan-ның праймеризіне қатысты мәлімдеме жасады
Кәсіподақтар федерациясы Nur Otan-ның праймеризіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Интернеттен алынды
259
оқылды
Кәсіподақтар федерациясы Қазақстандағы ең үлкен жұмысшылар бірлестігі ретінде Еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау арқылы елдің дамуына өз үлесін қосуда. Біз жұмысшылардың проблемаларына араласу және оларды жұмыс берушілермен қарым-қатынаста қолдау мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің маңызды шарты деп санаймыз. Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастыққа негізделген бірлескен жұмыс қана қоғамның жаңа құндылықтарын қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған жаңғырту бағытын біздің ұйымның барлық мүшелеріне еліміздің саяси жүйесінде болып жатқан тарихи өзгерістерге қатысушы болуға бірегей мүмкіндік береді. Осыған байланысты, лайықты беделі бар және өз ұжымдарында сенім мен құрметке ие кәсіподақ белсенділерімізді Nur Otan партиясының праймеризіне белсенді қатысып, осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз. Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша  алдағы Мәжіліс пен Мәслихаттарға сайлауға партиялық тізімге ең мықты  кандидаттарды қосу үшін партияішілік сайлау өткізеді. Біздің Nur Otan партиясымен серіктестігіміз  бірлескен іс-қимылдар мен ынтымақтастықты үйлестіру мақсатында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум аясында, соның ішінде праймеризді  өткізу мәселелері бойынша жүзеге асырылады. Кәсіподақтар федерациясы, 2 миллионға жуық мүшесі бар және бүкіл ел бойынша кәсіподақ ұйымдарының кең желісі, біздің қатарда жүрген партия мүшелеріне қолдау көрсетуге және өз кандидатураларын Парламенттің төменгі палатасына және жергілікті өкілді органдарға жіберуге толықтай қабілетті. Біз өзіміздің негізгі ұстанымдарымыз – әлеуметтік диалог пен әлеуметтік әділеттілікті өз қызметіміздің басты басымдықтары деп жариялаймыз және Nur Otan партиясының бағдарламалық мақсаттарын қолдаймыз.

 Құрметті кәсіподақ мүшелері!

 Егер заң шығарушы билікке кәсіподақ қозғалысының принциптерін шын жүректен ұстанатын адамдар кірсе, жұмысшылардың мүдделерін қорғауға және алға жылжытуға бағытталған біздің ортақ күш-жігеріміз жаңа серпін алады! Сондықтан, біз барлық кәсіподақ мүшелерін Nur Otan партиясының бәсекелестік негізінде жаңа көшбасшыларын анықтау туралы бастамасын қолдауға және кандидат ретінде де, дауыс беру процесінде де партияішілік праймеризге қатысуға шақырамыз. Ынтымақтастық. Ортақтастық. Жасампаздық.