Қазақстанда коронавируспен күресте қанша дәрігер қайтыс болды?
Қазақстанда коронавируспен күресте қанша дәрігер қайтыс болды?
Фото: Интернеттен алынды
245
оқылды
Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, 18 медицина саласының қызметкері қайтыс болған. «Ондай қайғылы оқиғаның 18 жағдайы тіркелді», – деді Айжан Есмағамбетова. Оның айтуынша, бұл жағдайлардың бәрі бірдей КВИ-мен байланысты емес.
«Алайда, олардың арасында COVID-19-ке  шалдыққандарға көмек көрсеткендер де бар», – деді Айжан Есмағамбетова.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан адамдардың 11,5 пайызы – медицина саласының қызметкерлері. Тағы 492 медқызметкер пневмониямен ауырған. 511 қызметкер емделіп жатыр.