Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оқу курсы ашылды
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оқу курсы ашылды
123
оқылды
Мүгедек адамдар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарына (ТОҚ) және арнайы әлеуметтік қызметтерге өздері тапсырыс бере алады. Мүгедек адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбаларды ұсынуды қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторлық-курорттық емдеу жатады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап еліміздің барлық аумағында әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді. Порталды енгізу оңалту қызметтеріне қажеттілікті есепке алудың ашық еместігі факторын болдырмауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, қызметтер мен оңалту құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі проблемасын шешеді, өйткені мүгедек адамдар қажетті тауар мен қызмет түрін өздері таңдай алады.

https://aleumet.egov.kz порталы – бұл қызмет алушыларға тауарларды тікелей әлеуметтік қызметтер мен техникалық оңалту құралдарын жеткізушілерден өз бетінше сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе. Ол үшін мүгедек адамға ЭЦҚ-ны алдын ала алу және әлеуметтік қызметтер порталына сілтеме бойынша өту қажет.

Порталда ТОҚ-тың 24 түрі ұсынылады. Бұл  – протездік-ортопедиялық құралдар (көйлектерді, шұлықтарды киюге, түймелерді түймелеуге, ыдыстарды ұстап тұруға, кілттерді ұстауға, қақпақтарды ашуға арналған құралдар); сурдо және тифло техникалық, сондай-ақ гигиеналық құралдар. Бүгінгі күні Нұр-сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының тапсырысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жеңіс ғасыры» қоғамдық бірлестігімен «ақпараттық-түсіндіру жұмысы және әлеуметтік қызметтер порталында мемлекеттік қызметтерді алу бойынша оқыту курстарын өткізу» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында кем дегенде 1000 мүмкіндігі шектеулі адамды қамту жоспарлануда. Оның мақсаты – ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және әлеуметтік қызметтер порталында мемлекеттік қызметтерді алу бойынша оқыту курстарын өткізу.