5 шілдеден бастап Өскемен және Семей қалалары жабылады
5 шілдеден бастап Өскемен және Семей қалалары жабылады
163
оқылды
Ең жағымсыз сценарийіне жол бермеу үшін біз 5-шілдеден бастап Өскемен және Семей қалаларын жабамыз, деп жазды Facebook парақшасында ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
«Қалалар мен аудандарда тұрғындар мен көліктердің қозғалысын барынша азайтамыз. Мұның бәрі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалатын әрекет. Тек өзін-өзі оқшаулау ғана COVID-19 қарсы күрестің пәрменділігін көрсетті. Карантиндік шаралар қатаң сақталған барлық кезеңінде облыста ауырғандар саны 135 болды. Алайда, тек маусым айында бұл көрсеткіш 710 адамға артты», - деді ол.
Айта кететіні, кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚО (қысқартылған кесте бойынша) жұмысын жалғастырады.
«Біз енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан бизнесті барынша қорғауға тырысамыз. Сіздерді тағы бір мәрте бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын. Еуропа елдерінде не болғаны баршамыздың есімізде. Ол жақта да бастапқы кезде адамдар қабылданған қатаң шаралардан нәтиже болатынына сенбеді», - деп жазды Ахметов.