Қазақстанға коронавирусты емдейтін жаңа препарат жеткізілді
Қазақстанға коронавирусты емдейтін жаңа препарат жеткізілді
252
оқылды
Қазақстанда коронавирус  жұқтырғандарды ресейлік жаңа препаратпен емдейді. Жаңа дәрінің нарыққа түскенін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты. «Авифавир» атты жаңа препарат коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған хаттамаға енгізілген.
«Бұл препарат бір реттік тәртіпте сатып алынып, біздің елге жеткізілді. Онымен стационарлық науқастарды емдейді. Осы препаратпен емделетін адамдар бақылауға алынады. Себебі ол препарат - жаңа. Клиникалық сынақтан жақында ғана өткен», - деді Ажар Ғиният.
Айта кетсек, бұған дейін Ресей Федерациясында аталған препарат сынақтан сәтті өткен.