Партиялық бақылау нәтижелі жұмыс кепілі
Партиялық бақылау нәтижелі жұмыс кепілі
340
оқылды
Содан бері 12 жыл өтті. Партия қо­ғамдық бақылауды дамытуға баса назар аударып келеді. Бүгінде еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалар нысандарында пар­тия­лық бақылау бекеттері ұйымдас­тыры­лып, бірқатар ауқымды жұмыстар жү­зе­ге асырылып жатыр. Соның арқа­сын­да күрмеулі мәселелердің басым бөлігі тез арада шешімін тауып, атқарылған жұмыстар оң нәтижесін беруде. Елбасы – «Nur Otan»  партиясының  Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның  алдына  қойған  басты мін­деттерінің бірі – әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысына қоғамдық бақы­лауды күшейту. Осы орайда, Пар­тиялық бақылау комитеті жұмысының нәтижелі болуы Парламент Мәжілісіндегі фракция және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттардан бастап үкі­меттік емес ұйымдардың, мем­лекет­тік органдардың және бұқаралық ақ­парат құралдарының, жалпы алғанда  кең бұқараның белсенділігінің арқа­сында жүзеге асырылып жатқаны анық. Партия бұл  ретте әр іс-шараға Қа­зақ­стан халқының барлық өкілдерін бел­сен­ді түрде тартып отыр. Қазіргі кезде Партиялық бақылау ко­миссиясы және Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес бірлесе жүріп көптеген мәселелерге сараптама жұмыстарын жүргізіп келеді. Партиялық бақылау ко­миссиясының  құрамына  аудандық, ауылдық ардагерлер кеңесінің төра­ғалары, аудандық мәслихаттағы де­пу­тат­тық фракцияның мүшелері, партия филиалдары саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетек­шілері, шаруа  қожалықтың  басшылары, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының бел­сен­ді мүшелері кіреді. Аталған ко­мис­сия мүшелері өздеріне жауапкер­шілік­пен тапсырылған істі әр кез жо­ғары деңгейде атқаруға тырысады. Олар келіскен кестеге сәйкес, дер кезінде  нысандарды аралап, ондағы жұмыстың жүру барысын, сапасын, жүріп жатқан құрылыстардың жұмыс кестесінен кешіктірілмеуін бақылауында ұстайды. Мұны күнделікті тексеріс шараларының қорытындысынан-ақ аңғаруға болады.  Сондай-ақ  Партиялық  бақылау комис­сиясының жұмысы үнемі БАҚ бет­терінде жарық көреді. Себебі партияның жұмысы халықпен тығыз байланыста болғандықтан, ол әрқашан жария­лы­лықты қажет ететіні сөзсіз. Тағы бір айта кетер басты мәселе, «Nur Otan» партиясы облыс, қала, аудан кө­лемінде жүргізілетін әлеуметтік маңы­зы бар құрылыс нысандарындағы мер­дігер мекемелердің атқарып жатқан жұмыстарына партиялық  бақылау  жүргізуді үнемі басты назарда ұстайды. Қо­ғамдық кеңес, аудандық мәслихат депутаттары, партияның аудандық сая­си кеңес мүшелерінен құралған арнайы топ өкілдері құрылыс нысандарындағы жұмыстардың  жүру  барысын үнемі қа­дағалап,  көзге түскен кемшіліктер мен жұмыс кестесіндегі байқалған ауыт­қушылықтарды түзетуге ықпал етіп жүр. Өз  кезегінде  компания басшылары  да жұмыстарына қатысты айтылған сын-ескертпелерден нәтиже шығарып, қызметтеріне жауапкершілікпен қарау­ға ден қояды. Сондықтан айтылған кемшіліктер тез арада түзеліп, жоспарға сай кезең-кезеңімен ретке келтірілуде. Ха­лықтың «Партиялық бақылауды нә­тижелі жұмыс кепілі» деп бағалауы да осыны анық аңғартса керек.  

Әбілмансұр ЖАСАН