Содан бері 12 жыл өтті. Партия қоғамдық бақылауды дамытуға баса назар аударып келеді. Бүгінде еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалар нысандарында партиялық бақылау бекеттері ұйымдастырылып, бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Соның арқасында күрмеулі мәселелердің басым бөлігі тез арада шешімін тауып, атқарылған жұмыстар оң нәтижесін беруде.
Елбасы – «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның алдына қойған басты міндеттерінің бірі – әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысына қоғамдық бақылауды күшейту. Осы орайда, Партиялық бақылау комитеті жұмысының нәтижелі болуы Парламент Мәжілісіндегі фракция және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттардан бастап үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының, жалпы алғанда кең бұқараның белсенділігінің арқасында жүзеге асырылып жатқаны анық. Партия бұл ретте әр іс-шараға Қазақстан халқының барлық өкілдерін белсенді түрде тартып отыр.
Қазіргі кезде Партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес бірлесе жүріп көптеген мәселелерге сараптама жұмыстарын жүргізіп келеді. Партиялық бақылау комиссиясының құрамына аудандық, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшелері, партия филиалдары саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, шаруа қожалықтың басшылары, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері кіреді. Аталған комиссия мүшелері өздеріне жауапкершілікпен тапсырылған істі әр кез жоғары деңгейде атқаруға тырысады. Олар келіскен кестеге сәйкес, дер кезінде нысандарды аралап, ондағы жұмыстың жүру барысын, сапасын, жүріп жатқан құрылыстардың жұмыс кестесінен кешіктірілмеуін бақылауында ұстайды. Мұны күнделікті тексеріс шараларының қорытындысынан-ақ аңғаруға болады. Сондай-ақ Партиялық бақылау комиссиясының жұмысы үнемі БАҚ беттерінде жарық көреді. Себебі партияның жұмысы халықпен тығыз байланыста болғандықтан, ол әрқашан жариялылықты қажет ететіні сөзсіз.
Тағы бір айта кетер басты мәселе, «Nur Otan» партиясы облыс, қала, аудан көлемінде жүргізілетін әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарындағы мердігер мекемелердің атқарып жатқан жұмыстарына партиялық бақылау жүргізуді үнемі басты назарда ұстайды. Қоғамдық кеңес, аудандық мәслихат депутаттары, партияның аудандық саяси кеңес мүшелерінен құралған арнайы топ өкілдері құрылыс нысандарындағы жұмыстардың жүру барысын үнемі қадағалап, көзге түскен кемшіліктер мен жұмыс кестесіндегі байқалған ауытқушылықтарды түзетуге ықпал етіп жүр. Өз кезегінде компания басшылары да жұмыстарына қатысты айтылған сын-ескертпелерден нәтиже шығарып, қызметтеріне жауапкершілікпен қарауға ден қояды. Сондықтан айтылған кемшіліктер тез арада түзеліп, жоспарға сай кезең-кезеңімен ретке келтірілуде. Халықтың «Партиялық бақылауды нәтижелі жұмыс кепілі» деп бағалауы да осыны анық аңғартса керек.