"75 мың теңгелік төлем туралы ақпарат жалған" - Еңбек министрлігі
"75 мың теңгелік төлем туралы ақпарат жалған" - Еңбек министрлігі
фото: ашық дереккөз
202
оқылды
Қазнетте карантин кезінде 75 мың теңге көлеміндегі тағы бір төлем беріледі деген ақпарат тарап жүр. Белгісіз адамдар әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, қазақстандықтарға көмек алуды ұсынған.  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Қазақстанда жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Желіде әлеуметтік көмек төлемдері туралы таратылатын ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұған дейін 42 500 теңге түріндегі әлеуметтік көмек төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты тағайындалғаны хабарланған болатын. Ал қазіргі уақытта шектеу шараларын күшейту жұмыстары жүзеге асып жатыр. Сондықтан төлем жүргізуге заңды негіз жоқ", - деп түсіндірді ведомство өкілі.    width= Сондай-ақ, Еңбек министрлігі халықты Желіде тарайтын жалған мәліметтерге сенбеуге және тек ресми ақпарат көздерін оқуға шақырды.